Мектеп сыныбы Дяк Аурика Георгиевнаның демеушілігімен құрылды
Мамандандырылған ҚХА сыныбының мақсаты мен міндеттері:
Жеке тұлғаның қалыптасуы
Жастар арасында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, рухани бірлік пен ұлтаралық келісім идеяларын тарату, білім беру ортасы арқылы жастардың достығы мен топтасуын нығайту.
Ұлтаралық қатынастар
Жастар арасында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін арттыру, мемлекеттік тілге, тарихқа құрметпен қарау.
Әлеуметтік белсенділік
Қоғамдық белсенділікті дамыту, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына тарту арқылы жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту.
Бәсекеге қабілеттілік
Қазақстан халқы Ассамблеясының табысты тұлғаларымен өзара әрекеттесу арқылы мектеп оқушыларының бәсекеге қабілеттілік санасын тәрбиелеу.
Перспектива
Одан әрі аймақтық және республикалық деңгейде эфирге шығу перспективасымен жобаны зерделеу және сынақтан өткізу.