Мақсаты: Қазақстан тарихы арқылы адамгершілік-рухани құндылықтарды дәріптеу. Бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау. Жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.

«Этникалық тарих сабақтары» жобасы -білім беру диалог алаңы, жоба 2019 жылы Павлодар облысы Қазақстан халқы АссамблеясыныңЖастар қанатының бастамасымен жүзеге асырылды. ҚХА хатшылығының қолдауымен Павлодар облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобымен бірлесіп іске асырылуда.

Жобалар аясында белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері жастармен кездесіп, «Нетворкинг» форматы бойынша интерактивті дәрістер мен әңгімелер өткізеді.



