«Мен саған ән айтамын, менің Қазақстаным» патриоттық ән фестивалі
Этномәдени бірлестіктер жастары арасында «Мен саған ән айтамын, менің Қазақстаным» патриоттық ән фестивалі
Мақсаты: халық шығармашылығы арқылы мемлекеттік тілді дәріптеу.
Жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, рухани бірлік пен этносаралық келісім идеяларын тарату.
Жастар арасында этносаралық қарым-қатынас мәдениетін арттыру, мемлекеттік тілді дәріптеу және оны қолдану аясын кеңейту.
Этносаралық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді зерделеу және тарату.
Әлеуметтік белсенділікті дамыту, жастарды қоғамдық қызметке тарту
Жастар бірлестіктері мен ұжымдарының білім алуын, оларды одан әрі шығармашылық ізденістерін ынталандыру
Этномәдени бірлестіктердің жастар шығармашылық ұжымдарының көркемдік деңгейін, шеберлігін, беделін арттыру
Әр ұлттың жастары қазақ тілінде халық және эстрада әндерін орындайды. Фестиваль жиырма үш жыл қатарынан өтуде және этномәдени бірлестіктердің жастарын тәрбиелеудің маңызды элементі болып табылады.