Жобалар

«БІРЛІК-ЕДИНСТВО.KZ» жастар форумы

Мақсаты: «Әртүрліліктегі бірлік» қағидаты арқылы бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту. «Ассамблея Жастары» РҚБ қызметін танымал ету арқылы этномәдени бірлестіктердің жастарын топтастыру. Жастар мен қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығын дамыту және әріптестік байланыстарын кеңейту.
Жыл сайын әртүрлі форумдар қоғамдағы өзекті тақырыптарға сүйене отырып, әртүрлі тақырыптық бағыттарда болды: Қоғамдық келісім, мемлекеттік тіл, IT – технологиялар және жасанды интеллект (AI), адамгершілік-рухани даму, кәсіпкерлік, тарихи-мәдени мұра, еріктілік, медиация.
Оны өткізген жылдары ішінде «Бірлік – Единство.KZ» қатысушылары - Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан, Польша, Корея жастары болды. Форум қорытындысы бойынша бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізілді. 2024 жылы форум мерейтойлық – оныншы рет өтеді.(Өткізу тарихында 1000-нан астам адамды қамтыды).
«Бірлік-Единство.KZ» этносаралық және көп мәдениетті өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған оншақты жобаның бастамасыболды.

Жыл сайын форумның ауқымы өсуде, мақсаттар одан да әрі маңызды болып іргелі сипатқа ие болуда. «Бірлік-Единство.KZ» Павлодар облысының мәдениетаралық диалогының флагманы және маңызды оқиғаға ие болды.
Жылдан жылға форумда жастар мен мәдениетаралық коммуникациялар саласындағы жетекші сарапшылардың кездесуі өтіп тұрады. Пікір алмасу жаңа білім береді және жаңа жетістіктерге шабыттандырады.

«Бірлік-Единство.KZ» өткізу Павлодар облысы ҚХА жастар қанатының үздік бастамаларының бірі болды. Жыл сайын форум әртүрлі бағыттағы тақырыптарға ие және өткізілетін орнын өзгертеді.

Жыл сайын форум әртүрлі бағыттағы тақырыптарға ие және әр түрлі жерлерде өткізіліп тұрады. Мысалы, 2016 жылы форум Достық үйінің базасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтті, ал 2017 жылы Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде, онда жастар алғаш рет ұлтаралық өзара іс-қимыл объектісі арқылы кәсіпкерлік туралы ой қозғады. 2018 жылы Форум Баянауыл ауданында өтті.

Форумның маңызды дәстүрі - «Бірлік-Единство.KZ» кубогын тапсыру- бұл аймақтан аймаққа өтетін эстафетаны білдіреді.

«Бірлік-Единство.KZ» бұл тек пленарлық отырыстар, жұмыс секциялары, мастер-кластар және Ертіс өңірінің этномәдени бірлестіктерінің жастары дайындаған салтанатты концерт қана емес, бұл әртүрлі өңірлер мен елдердің көпұлтты жастарының бейресми қарым-қатынасы. Форумның атмосферасы серіктестік пен достықты нығайтуға ықпал етеді. Форум барысында екі мыңнан астам жас делегаттары болды. Құрметті қонақтардың қатарында: Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, кәсіпкерлер, қоғам және саяси қайраткерлер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері болды.

Қатысушылардың құрамы, тарихи тәжірибе және география Павлодар шекара маңы ынтымақтастығы форумы беделді болып табылатын рейтингтік іс-шара екенін дәлелдеді.
2024-09-21 19:44