Жобалар

Үйде Сөйле

Жобаның мақсаты:
Аула клубтары мен тұрғын үй кешендерінің коворкинг-аймақтарының қызметі шеңберінде сөйлесу клубтарын құру арқылы мемлекеттік тілді үйренуге ықпал ету.
Міндеттері:
  • ауызекі қазақ тілі практикасы бойынша алаңдар құру;

  • «Бір аула» шеңберінде мемлекеттік тілді үйренуге арналған алаңдар құру бойынша азаматтық бастамаларды дамыту;

  • қазақ тілін білмейтін адамдар үшін «психологиялық тосқауыл» мәселесін шешуге ықпал ету

  • тілді оқыту процесіне азаматтарды тарту арқылы тату көршілік мәдениетін дамыту;

  • этносаралық өзара іс-қимыл тілі ретінде қазақ тілін ілгерілетуге түрлі этнос өкілдерін тарту.
Мақсатты аудитория: тіл үйренудің өзектілігі сақталатын өңірлердегі көппәтерлі үйлердің тұрғындары.

Ұйымдастырушылар:
  • Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы
  • «Павлодар облысындағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі» ҚБ ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) қолдауымен

Өткізу орны:
Павлодар қ. Камзин көшесі, 80-үй;
Усолка шағын ауданы
2024-09-21 19:56